ОРАЛ. 31 мамыр. ҚазАқпарат - Кеше 18.30 сағат шамасында Оралдағы Еуразия даңғылы бойында жол-көлік оқиғасы орын алды.
Жаяу жүргіншілер өтетін жерден «Суровский» дүкені маңында жас полиция қызметкерін «Фольксваген Гольф-2» автокөлігі қағып кетті. Сол бойда оған жедел жәрдем көрсетіліп, облыстық аурухананың жарақат пунктіне жеткізілді. Алдын ала мәліметтер бойынша полиция қызметкерінің аяғы сынған.
Оқиғаның себеп-салдары анықталу үстінде.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).