ОРАЛ. 26 желтоқсан. ҚазАқпарат - Орал қаласында 1982 жылғы К. деген азаматқа тиесілі «Опель Фронтера» автокөлігін белгісіз біреулер айдап кеткен.
Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оралдық полицейлер бұл қылмыстың ізін суытпай ашты. Автокөлікті қолды қылғандар Орал қаласының 24 және 15 жасар тұрғындары болып шықты. «Темір тұлпар» иесіне қайтарылды.
Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).