ОРАЛ. ҚазАқпарат - 2 желтоқсан күні сағат 10.02-де Орал қалалық ішкі істер басқармасының кезекші бөліміне Орал-Желаев жолы бойындағы «Пит Стоп» жанар-жағар май құю стансасынан 700 метр жерден снарядқа ұқсас зат табылғаны жөнінде хабар түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен алынған мәліметке қарағанда, оқиға орнына жеткен жедел тергеу тобы оның диаметрі 76,2 мм, ұзындығы 37 см болатын азамат соғысы кезінен қалған снаряд екендігін анықтады.
Қауіпсіздік шаралары сақтала отырып, аталған снаряд жойылды.
Айта кетейік, мұндай снарядтар облыс аумағынан бұдан бұрын да табылған болатын.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).