ОРАЛ. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов биыл Үндістанда еркін күрестен өткен Азия чемпионатында жеңімпаз атанған Гузель Манюрованы жеңісімен құттықтап, ақшалай сыйлық табыс етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Саранск қаласында 1978 жылы дүниеге келген Г.Манюрова - бұрын Ресей намысын қорғаған белгілі спортшы. Көптеген жарыстарда атой салған, соның ішінде Еуропа чемпионы, Афиныда өткен 2004 жылғы олимпиаданың күміс жүлдегері.
Биылғы сәуірдің 1-інен бастап БҚО олимпиада резервтерін даярлау орталығында жаттығып жүрген Гузель 72 килә салмақта күреседі. Өзінің айтуынша, ендігі мақсаты - Лондон олимпиадасында топ жарып, Қазақстан туын көкке көтеру.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).