ОРАЛ. Маусымның 17-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Оралда балдырғандарды мектепалды даярлықтан өткізуге ерекше көңіл бөлінуде,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Орал қалалық білім беру бөлімінің бастығы Дайыр Сапаровтың сөзіне қарағанда, 5-6 жастағы балалар мектепалды даярлықтан шағын орталықтар мен орта мектептердің мектепалды сыныптарында өткізіліп келеді. Атап айтқанда, қаладағы 45 орта мектеп жанынан 78 даярлық тобы ашылды. Өткен жылы дамыту орталықтарын құру мақсатында 9,9 млн. теңгеге ойын бөлмелері жабдықталса, биыл шағын орталықтар ашуға 38,4 млн. теңге бөлінді. Бүгінде қалалық білім беру бөлімінде 2005 жылы туылған 908, 2006 жылғы 1989, 2007 жылғы 3276 балдырған тізімде тұр. Мақсат - оларды толықтай мектепалды даярлықпен қамту. Бұл алдағы уақытта бірінші сыныпқа баратын балалардың қарым-қабілетін пайымдауға мүмкіндік беріп, мектеп психологы мен логопедіне, бастауыш сынып мұғалімдеріне қолайлы болып отыр.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).