ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қалалық сотының 20 қазандағы үкімімен ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті БҚО бойынша департаменті №1 медициналық-әлеуметтік сараптау бөлімінің бас маманы Г.Қадыралиева ҚР ҚК 366-бабы 1-бөліміне сәйкес айыпты деп танылып, оған мүлкін тәркілеумен бірге параның елу еселенген сомасы мөлшерінде 1 млн. теңге айыппұл салынды.
БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, ол сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару және мемлекеттік органдарда лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
Сот талқысында белгілі болғанындай, Г.Қадыралиева үшінші топтағы мүгедектікті белгілеу үшін Т. деген азаматтан 20 мың теңге көлемінде пара алған.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).