ОРАЛ. 11 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Оралда Самара мемлекеттік медицина университетінің мамандары 10-19 қараша аралығында бастапқы медициналық-әлеуметтік көмекті ұйымдастыру мен беру бойынша медбикелер біліктілігін арттыруға арналған тренинг өткізуде.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, елу аға медбикеге аталмыш университеттің медбике білімі институты (директоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Сергей Двойников, м.ғ.д., профессор Лариса Карасева), алдын алу орталығының директоры Галина Тихонова және басқа профессор-оқытушылары дәріс беруде.
Аталмыш шара мақсаты тұрғындарға бастапқы медициналық көмек беру сапасын арттыру болып табылады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).