ОРАЛ. 27 сәуір. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында Қазақстанның Батыс аймағы көркемсурет және қолөнер шеберлері «Алтын қайық» сайысының көрмесі ашылды.
Оған Қазақстанның төрт облысы кіретін Батыс аймақ суретшілері мен қолөнер шеберлерінің түрлі жанрдағы жұмыстары қойылды. Көрме 10 мамырға дейін созылмақ.
Батыс Қазақстан «Өнер» қоғамдық қорының президенті, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Қуандық Мәдірдің айтуынша, бұл - аталмыш байқаудың бастапқы кезеңі. Мұндай көрмелер Ақтөбе, Атырау, Ақтау қалаларында да ұйымдастырылады. Сайыс барысында әр облыстан ең таңдаулы жұмыстар іріктеледі. «Алтын қайық» сайысының жеңімпазы биылғы желтоқсан айында анықталады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).