ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қалалық сотының үкімімен 1994 жылғы Нұрсұлтан Қабылға ҚР ҚК 242-бабы бойынша 2 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы белгіленді.
БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, биылғы 9 қыркүйекте сағат 12.49-да ол мас күйінде Достық даңғылы, 195-үйінде орналасқан «Билайн» қызмет көрсету орталығына жарылғыш зат қойылды деп жалған қоңырау шалған. Сөйтіп қаладағы тиісті қызметтерді аяғынан тік тұрғызды. Жиырма жасар тұрғын терроризм актісі жөнінде көрінеу жалған хабарлағаны үшін айыпты деп танылды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).