ОРАЛ. 19 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Құқық тәртібі» жедел алдын алу шарасы барысында 1937 жылғы зейнеткер әйелді алдап, тақырға отырғызып кеткен 1991 жылғы М. ұсталды.
Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, аталмыш азамат зейнеткер әйелдің үйіне телефон соғып, өзін полиция қызметкерімін деп таныстырып, ұлының есірткімен қолға түскенін айтқан. Содан кейін 150 мың теңгесін алдап алған.
Тергеу барысында М-ның осындай жолмен бірнеше адамды алдағаны белгілі болды. Қазіргі кезде алаяқ тергеу изоляторында қамауда отыр.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).