ОРАЛ. Қазанның 2-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде «Біз нашақорлыққа «Жоқ!» дейміз» атты іс-шара өткізілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сегіз мыңға жуық студенті бар білім ордасында салауатты өмір салтын насихаттауды мақсат еткен шара барысында мамандар нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес шаралары жөнінде мәлімет беріп, баяндама жасады. Нашақорлық туралы фильм көрсетіліп, шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).