ОРАЛ. 23 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Әр мектепте мұражай» шарасы аясында Бөкей ордасы ауданындағы Жәңгір хан және Мәншүк Мәметова атындағы мектептер мұражайларының көрмесі ашылды.
Көрменің ашылу салтанатында Бөкей ордасынан шыққан өңірге танымал еңбек ардагерлері Кәкен Көбейсінов, Гүлжу Мәжитова ізгі тілегін білдіріп, өлкенің тарихын қаттап, кейінгі ұрпаққа жеткізетін мұражай ісінің мәні зор екендігін айтты. Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры Әбіл Жоламановтың атап өткеніндей, Қазақ елінде мұражай ісі Жәңгір ханнан бастау алған. Оның өз сарайында ұйымдастырған қару-жарақ палатасы бүгінде Бөкей ордасы мұражайлық кешеніне айналып отыр.
Аталмыш көрмеге Бөкей ордасының өткенінен хабар беретін көне жәдігерлер қойылған.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).