18:32, 10 Сәуір 2009
Оралда дағдарыс жағдайында мемлекеттік тіл мәртебесін арттыруға арналған семинар-кеңес болды
ОРАЛ. Сәуірдің 10-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония залында сәуірдің 10-ында «Дағдарыстан дамуға бағыт алған Қазақстан халқын біріктіруші фактор – мемлекеттік тіл» тақырыбында семинар-кеңес болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық тілдерді дамыту басқармасының бастығы Махамбет Ихсанғали атап өткеніндей, мемлекеттік тіл мәртебесін арттыру мәселесі күн тәртібінен түспейді. Қайта әлі де жөнге салар, шешілуі тиіс түйткілдер жетіп артылады. Бұл жөнінде белгілі ақындар, Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері Қайрат Жұмағалиев пен Ақұштап Бақтыгереева, М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің аға оқытушысы Наталья Әлмағамбетова өткірірек айтты. Әсіресе, шенеуніктердің қазақша баяндама жасай алмайтыны, аралас мектеп, балабақшалардың қазақ тілінде шала-пұла білім беретіні сынға ілінді.