ОРАЛ. Қыркүйектің 25-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласында «Дала дарындары» облыстық жастар шығармашылығы фестивалі мәреге жетті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бес аталым бойынша өткен байқауға 56 талапты жас қатысты. Биылғы фестивальде оралдықтар Ибрагим Жантоллин мен Нұрсила Тәжекенова ( эстрада жанры ), Құрманғазы Қалиев ( халық музыкасы ) және Ақжайық ауданынан келген Ерлан Бектенов ( сәндік қолданбалы өнер ) бірінші орынды еншіледі. Ал проза аталымы бойынша бірінші орынға лайықты үміткер болмағандықтан, екінші жүлде қаратөбелік Сатыпалды Ақпановқа берілді. Сондай-ақ классикалық музыка жанры бойынша да қатысушылар өте аз болды.
Байқау жеңімпаздары Астана қаласында өтетін халықаралық ХІІ «Шабыт» фестиваліне қатысатын болады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).