ОРАЛ. ҚазАқпарат - ҚР ҰҚК БҚО бойынша департаменті БҚО ішкі істер департаментімен бірлесе отырып, исламның дәстүрлі емес діни бағыттарының бірін ұстанатын жергілікті адамдардың өздерімен бір бағыттағы 1994 жылғы Атырау облысының тұрғыны М-ға көмектесіп, белгісіз біреулер тартып әкетті делінген автокөлігін күшпен қайтармақ болған әрекеті туралы жедел мәліметті тексерді.
Терроризммен күрес жөніндегі облыстық штабтың БАҚ-пен байланыс тобынан түскен мәліметке қарағанда, алдын ала жедел іздестіру шаралары барысында діни бағытты ұстанбайтын ортадан шыққан адамдардың автокөлікті заңсыз иеленгені белгілі болды.
Келеңсіз көріністердің алдын алу мақсатында 17 адам анықталды. БҚО ІІД мүмкіндіктері арқылы олар 10 маусым күні сағат 02.00-де «Бәйтерек» базары жанына жиналған сәтте ұсталды. Бұл адамдар Асан ауылына қарсы топпен кездесуге аттанбақ болған. Олар мінген автокөліктерден бес дана бейсбол битасы және 1 арматура тәркіленді.
Ұсталған адамдар Орал қалалық ішкі істер басқармасына жеткізіліп, бастапқы тергеу амалдары жүргізілуде.
Басқа мәліметтер кейін берілетін болады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).