ОРАЛ. 8 қазан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Оралда дәстүрлі Жұбан оқулары өтті.
Ақын ескерткіші жанында Жұбан Молдағалиевтің тұстастары, соғыс және еңбек ардагері Бисен Жұмағалиев, өлкетанушы Жайсаң Ақбай, сондай-ақ Базарғали Қуатов, Социал Пұсырманов өз естеліктерін айтты.
Оқушылар мен студенттер ақын өлеңдерін оқыды.
Оралда Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана осындай шараларға ұйытқы болса, туған жері Ақжайық ауданы орталығы Чапаевта да ақын ескерткіші көз тартады.
Өткен жылы ақиық ақынның 90 жылдығы кең көлемде аталып өтілген болатын.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).