Оралда дүкенге түсіп, сол күні кісі тонаған 24 жасар жігіт қолға түсті

ОРАЛ. 25 қаңтар. ҚазАқпарат - 23 қаңтар күні сағат 11.30-да белгісіз біреу Жәңгір хан көшесі бойында орналасқан «Мини маг Жазира» дүкеніне кіріп, тоңазытқыштан азық-түлік ұрлап кеткен.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, сондай-ақ ол сол күні күш қолдана отырып, 30 жасар ер адамды тонап, 1500 теңгесін тартып алған. Орал қалалық ішкі істер басқармасы Шаған полиция бөлімі қызметкерлері жедел тергеу, іздестіру шаралары нәтижесінде қылмыстың ізін суытпай, бұрын бірнеше рет сотталған 24 жасар азаматты қолға түсірді. Ұрланған заттар кері қайтарылды.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.