ОРАЛ. Сәуірдің 2-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласындағы жабық мұз айдыны сарайында бокстан олимпиада чемпионы Ермахан Ыбырайымовтың жүлдесі үшін өтіп жатқан халықаралық турнирде жартылай финалға шыққан боксшылар белгілі болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Батысқазақстандық алты боксшы сәтті өнер көрсетіп, түгелдей жартылай финалға жолдама алды. Белгілі бапкер, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қуаныш Уақасовтың айтуынша, батысқазақстандықтарға қос алтын медальды жеңіп алуға мүмкіндік бар.
Бүгін жартылай финалдық бәсекелер өткізіліп, соңғы сынға шыққан боксшылар мәлім болады. Жарыс ертең мәреге жетеді.
Аталмыш халықаралық турнир бұрын Ақтөбеде өтіп келсе, биыл Орал қаласында ұйымдастырылып отыр.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).