ОРАЛ. 4 маусым. ҚазАқпарат - Орал қаласында екі адам есірткімен ұсталды.
Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, 30 мамыр күні «Ай-Луна Плюс» кафесінде департаменттің есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері Ақтөбе қаласының 21 жасар тұрғынын қолға түсірді. Бойжеткеннің шалбарының қалтасынан жалпы салмағы 79,15 грамм героин шыққан.
Содан бір күннен кейін М.Шолохов және Ғ.Құрманғалиев көшелерінің қиылысында 31 жасар қала тұрғыны ұсталды. Одан 8,45 грамм героин тәркіленді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).