ОРАЛ. Шілденің 15-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласындағы Шаған өзені айдынында каноэ мен байдаркадан ел чемпионаты мәреге жетті.
Түрлі қашықтықтарда Евгений Егоров (Жезқазған), Александр Емельянов (Шымкент) пен Алексей Дергунов (Орал), Дмитрий Торлопов (Шығыс Қазақстан), Ирина Подойникова (Шымкент) сынды спортшылар үздік нәтиже көрсетіп, чемпион атанды. Олар енді Азия мен әлемдік деңгейдегі жарыстарда ел намысын қорғайтын болады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).