Л. Қыркүйектің 24-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - «Еуразия» туристік-сауықтыру кешенінде білім қызметкерлері арасында халықаралық «Еуропа-Азия» ХІІ туристік фестивалі басталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Орал өңірін тану жылы және Дүниежүзілік туризм күніне орай облыстық білім, туризм, дене шынықтыру және спорт басқармаларының қолдауымен облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығы ұйымдастырып отырған дәстүрлі фестивальге орынборлықтар да қатысуда.
Қыркүйектің 24-і күні қорытындыланатын сайысқа қатысушылар туристік бақылау маршруты, кедергілерден өту, Орал өңірі туралы очерктер, бейнефильмдер, фотосуреттер, далалық газеттер шығару, «Еуропа-Азия-2009 аруы» байқауы бойынша сынға түседі.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).