ОРАЛ. 8 наурыз. ҚазАқпарат - М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің спорт кешенінде Халықаралық әйелдер күніне орай қыздар арасында жарыс мәреге жетті.
БҚО туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы мен «Жас Отан» ЖҚ Орал қалалық филиалы волейбол, баскетбол және үстел теннисі бойынша ұйымдастырған жарысқа Оралдағы жоғары және арнаулы оқу орындарының командалары қатысты.
Жалпыкомандалық есепте Ж.Досмұхамедов атындағы педколледж жеңімпаз атанса, М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ қыздары екінші орынды еншіледі. Жеңімпаз-жүлдегерлерге тарту-таралғылар жасалды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).