ОРАЛ. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Оралда шілденің 2-сінде «Ақжайық» футбол клубының стадионында халықаралық спорт журналистикасы күніне арналған шара өткізілді.
Алдымен аталмыш мерекемен жиналғандарды ҚР Туризм және спорт министрлігі спорт комитеті төрағасының орынбасары Мәлік Сапашев, облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Мүсілім Оңдағанов құттықтап, спорт тақырыбын дендеп жазып жүрген республикалық БАҚ өкілдері марапатталды.
Содан кейін шағын футболдан өткізілген жолдастық кездесуде республикалық БАҚ өкілдерінен құралған команда жеңімпаз атанса, Батыс Қазақстан облыстық «Орал өңірі» газеті - екінші, «Қазақстан-Орал» телеарнасы үшінші орынды еншіледі. Сондай-ақ түрлі аталымдар бойынша үздік шыққан ойыншылар да жүлдесіз қалған жоқ.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).