Атамекен» одағы» ұлттық-экономикалық палатасы» заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырған шараға мемлекеттік органдардың және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, кәсіпкерлер қатысты.
Жиында аталып өтілгеніндей, мұндай кездесулердің мақсаты кәсіпкерлерді хабардар ету болып табылады. Себебі олардың көпшілігі индустрияландыруға қатысты жобалардың маңызын түсіне бермейді. Өңірде биыл индустрияландыру картасына енгізілген жеті жоба жүзеге асырылмақ.
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының да өндірісті дамыту үшін маңызы зор. «Даму» кәсіпкерлікті қолдаудың аймақтық қоры» АҚ аймақтық филиалының директоры Әлия Сәлиеваның айтуынша, осы бағдарламаға сәйкес бұрын саудамен айналысқан кәсіпорындар өз өндірістерін ашуға мүмкіндік алмақ. Бұл жаңа жұмыс орындарын ашып, қазіргі заманғы жабдықтарды әкеліп, жаңа технологияларды дамытуға септеседі.
Дөңгелек үстелге қатысушыларға сауалнама парақтары үлестірілді, олар мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру жолдары жөнінде өз ұсыныс-пікірлерін білдіре алады. Бұл ҚР Үкіметі үшін ұсынбалар әзірлеуге жәрдемдеседі.