ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін түнде Орал қаласындағы «Болашақ-Т» құрылыс фирмасының күзетшілеріне қарақшылық шабуыл жасалды.
Облыстық клиникалық аурухана директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Роза Еркеғалиеваның сөзіне қарағанда, «жедел жәрдем» автокөлігімен жеткізілген екі ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін, жарақаттары ауыр болмағандықтан, үйлеріне қайтарылған. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің айтуынша, қазіргі кезде аталмыш оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).