Оралда ішкі әскерлердің құрылған күні аталып өтілді

ОРАЛ. 10 қаңтар. ҚазАқпарат - Орал қаласындағы 5517-әскери бөлімде 10 қаңтар күні Қазақстан ішкі әскерлерінің құрылғанына 21 жыл толуына орай салтанатты шара өткізілді.

Батыс құраманың баспасөз хатшысы, майор Ерболат Сұлтановтың хабарлағанындай, жиынға 5515 және 5517-әскери бөлімдердің жеке құрамдары қатысты. Онда Батыс құрама командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, подполковник Қанат Беляков баяндама жасап, ішкі әскерлердің өз міндеттерін абыроймен атқарып келе жатқанын атап өтті. Батыс құрама командирі, полковник Қайрат Беляков бөлімнің үздік қызметкерлерін алғысхаттармен, грамота, бағалы сыйлықтармен, «Батыс үздігі» төсбелгісімен марапаттады.

«Мемлекеттің ішкі күштері» атты деректі фильм көрсетіліп, салтанат соңы Жастар мәдениет сарайы әртістері қойған концертке ұласты.