ОРАЛ. Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралда ішкі істер қызметкерлері арасында облыс біріншілігі мәреге жетті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жарысқа он төрт команда құрамында сексенге тарта балуан қатысып, тоғыз салмақ дәрежесінде сынға түсті. Сайыс қорытындысында командалық есепте облыстық жол полициясы басқармасы, облыстық ішкі істер департаменті, Ақжайық ішкі істер бөлімі жүлделі орындарды бөлісті.
Чемпионатта жеңімпаз атанғандар сәуір айында Қызылорда қаласында өтетін республикалық жарысқа қатысатын болады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).