деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сахнаны М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті халық ұлт аспаптар оркестрі Нұрғиса Тілендиевтің «Махамбет» туындысымен ашты. Өршіл күйден соң №34 орта мектеп оқушысы Абзал Максимов оқыған Жұбан Молдағалиевтің «Мен - қазақпын!» атты өлеңі әсерлі шықты. Көрермен қауым сондай-ақ мың бұрала билеген «Арна» би ансамблі қыздарының өнеріне де тәнті болды. Әсіресе, Қарлығаш Айтқалиеваның жетекшілігімен дайындалған «Қара жорға» биін көпшілік жылы қабылдады.
Кеш соңында қала өнерпаздарына облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің атынан ықылас гүл шоғы табыс етілді. Осыдан соң сахна төріне көтерілген қала әкімі Самиғолла Оразов дарынды жастарға шығармашылық табыстар тіледі.
Облыстық мәдениет басқармасының бастығы Айдар Батырхановтың мәлімдеуінше, алдағы уақытта 13 (он екі аудан мен қала) есеп беру концертінің қорытындысы бойынша өнерпаздардың гала- концерті ұйымдастырылмақшы.