ОРАЛ. Сәуірдің 11-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралда қала күнін атап өтуге әзірлік басталып, іс-шаралар жоспары жасалды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қала әкімінің орынбасары Талғат Нығметовтың айтуынша, биылғы қала күні қыркүйектің 19-ында атап өтіледі. Дәстүрлі мәдени-спорттық шаралардан басқа өзгерістер де енгізілмек. Мысалы, өнер фестивалін өткізіп, оның жеңімпаздарын қала күні марапаттау көзделіп отыр. Сондай-ақ қаланың әнұранын жазуға бәйге жариялау да ойластырылуда.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).