ОРАЛ. 23 сәуір. ҚазАқпарат - 21 сәуір күні Оралдағы жабық Мұз айдыны сарайында каратэ-додан кадеттер мен жастар арасындағы ел чемпионаты өз мәресіне жетті.
260 бозбала мен бойжеткен сынға түскен жарыс үш жас ерекшелігі бойынша өтті.
Жастар арасында БҚО намысын қорғағандар көпшіліктің сенімін ақтады. Яғни жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы және бірнеше дүркін халықаралық турнирлердің жеңімпазы Асылбек Өтегенов (57 келі) пен еліміздің екі дүркін чемпионы Данил Титов (70 келі) бас жүлдені еншіледі. Ал кадеттер арасында Нарын Муфтахов (61 келі) пен Аягөз Халелова (50 келі) қола жүлдегер деп танылды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).