ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін «Батыс су арнасы» ЖШС-на қарасты кәріздік сорғы стансасында оқыс оқиға болып, осында шебер болып жұмыс жасаған 1967 жылғы Серік Сәуменов пен 1975 жылғы слесарь Нариман Есмұханов көз жұмды.
Алдын ала мәліметке қарағанда, слесарьлар бригадасы стансада тазарту жұмыстарын жүргізіп жатқан. Аталған жұмысшылар соның алдында ғана, 21 маусым күні ауыстырылған кран-балканы жалғау үшін кәріз құдығына түсіп, содан шықпай қалған.
Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.
ФОТО: mgorod.kz
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).