ОРАЛ. Қыркүйектің 30-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Қазанның 1-і Қариялар күні қарсаңында Оралда теміржол саласында қызмет еткен ардагерлерге сый-сияпат жасалды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ Орал тасымалдау бөлімшесінің директоры Дәулетбай Есімбековтің айтуынша, бөлімшеде қызмет атқарған 2200 зейнеткер бар. Солардың бәріне құрмет көрсетілді. Өткен жылы қарияларға 9 миллионнан астам теңгеге материалдық жәрдем беріліп, ардагерлер тіс салдырып, шипажайда демалып, басқа да көмектер алды. Биыл бұл мақсатқа 6 млн. теңгеге жуық қаражат жұмсалды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).