ОРАЛ. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде облыс әкімдігі мен облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен Қазақстан мемлекеттілігі: тарихи бетбұрыс пен болашаққа ұмтылыс (1991-2011 жылдар)» деген тақырыпта халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Аталмыш басқосуға оралдық ғалымдармен қатар Алматыдан Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты, Мәскеуден халықтар достығы университеті, Түркиядан және Қазақстанның басқа жерлерінен ЖОО-лар өкілдері қатысты. Конференцияға барлығы 103 баяндама ұсынылды.
Университеттің әлем тарихы кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Хамида Қожабергенованың айтуынша, конференция қамтыған мәселелер ауқымы кең болды. Тарихшы-ғалымдар Қазақстан тәуелсіздігінің мән-маңызына терең бойлап, оның сан қырына үңіле білді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).