ОРАЛ. 16 сәуір. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Оралдағы көрме залында Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай коллекционер Дамир Жұмашевтің ақша көрмесі ашылды.
Көрмеде қазақстандық теңгемен қатар әлемнің 210 елінің валютасы қойылған. Олардың ішінде қолданыстағы ақшалармен қатар тарихи маңызы бар мәнеттер де бар. Мәселен, Ресейдің он жетінші ғасырдағы ақшасы ең көнесі болып есептелсе, 50 трлн. зимбабвелік доллар да келушілердің назарын аударады.
ҚР Ұлттық банкі облыстық филиалы директорының орынбасары Ғалия Сатыбалдинаның айтуынша, ақшалардың бәрі де мамандардың сараптауынан өткен, түпнұсқалылығымен ерекшеленеді. Соның ішінде қазақ теңгесінің де құны жоғары.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).