ОРАЛ. 15 мамыр. ҚазАқпарат - Биылғы 28 сәуірде Орал қаласындағы Абай алаңында 11.00 мен 12.00 сағат арасында «Келіспейтіндердің» рұқсат етілмеген митингісі өткізіліп, шамамен 25 адам қатысқан және араларында А.Шайғұмаров, М.Айсаутов,
А.Романов («Алға» тіркелмеген партиясының мүшелері), Т.Умаров («Уральская неделя» апталық газетінің тілшісі) болған.
Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, осы факті бойынша қала прокуроры дауыс зорайтқыш құрылғысын қолдану арқылы митингке қатысушыларға бейбіт митингілерді ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы қолданыстағы заңнаманың нормаларын түсіндіріп, тарқау ұсынылды. 12.10 сағатта митингке қатысушылар өздігінен тарқады.
Рұқсат етілмеген митингтің белсенді қатысушыларына қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамалар толтырылды.
Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 28 сәуірдегі қаулысымен М.Айсаутов ҚР ӘҚБтК-нің 373-бабының 3-бөлігімен көзделген әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Аталмыш соттың 3 мамырдағы қаулысымен А. Романов ҚР ӘҚБтК-нің 373-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
Соттың қаулылары заңды күштеріне енді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).