«Жайықжылуқуат» АҚ қала бойынша 1151 тұрғын үйді жылумен қамтамасыз етуге тиісті болса, кеше соның 672-сіне жылу қосылған. Кейбір тұрғын үй ғимараттарында жылу беру ПИК қызметкерлерінің үлгере алмауына байланысты кешеуілдеп отыр. Ал бірқатар мекеме-кәсіпорындардан жылуды қосу қажеттігі жөнінде өтініштер түспегендіктен, әлі күнге жылу берілмеген. Сондай-ақ жылу маусымына дайындық кезеңінде гидравликалық сынаулар жүргізілмей, ешқандай ПИК-тің иелігіне кірмейтін қараусыз қалған тұрғын үйлер де бар. З. Қуанышқалиевтің сөзінше, өткен жазда «Жайықжылуқуат» АҚ 215 млн. теңге қаржы жұмсап, қала бойынша 11 шақырымнан астам жылу құбырына күрделі жөндеу жүргізген.
08:19, 20 Қазан 2011
Оралда кейбір үйлерге жылу берілмей отыр
АЛ. 20 қазан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Оралда кейбір үйлерге жылу берілмей отыр. «Жайықжылуқуат» АҚ-ның техникалық директоры Захат Қуанышқалиевтың айтуынша,