ОРАЛ. 11 қаңтар. ҚазАқпарат - Орал қаласында кірісі аз отбасылар балалары үшін 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында «Қамқорлық» қайырымдылық шаралары ұйымдастырылуда.
Орал қалалық білім бөлімінен түскен мәліметке қарағанда, аталмыш шара ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалар құқықтарын қорғау комитеті мен облыстық білім басқармасының нұсқауына сәйкес қолға алынып отыр.
Айлық барысында қайырымды жандар, әсіресе, кәсіпкерлер мен іргелі мекеме-кәсіпорындар ұжымдары мұқтаж жандарға қолұшын бермек. Мұндай отбасылар мекенжайы мен телефондары Орал қалалық білім бөлімінде тіркелген.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).