ОРАЛ. Мамырдың 24-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияда қобызшы, халықаралық, республикалық фестиваль-байқаулардың лауреаты Жәмила Нұрымбетованың «Қобыздың қоңыр үнімен» атты шығармашылық кеші болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің мәдениет және өнер институтында дәріс беретін Ж.Нұрымбетованың шәкірттері де талай байқаудан жүлде алып жүр. Сондықтан Ж.Нұрымбетовамен қатар Ақсамал Қанатқалиева, Гүлжайна Хайруллина, Гауһар Жанғалиева және басқалар өнер көрсетті. Көпшілік Дәулеткерей атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің өнеріне де риза болды.
Биыл аталмыш оркестрдің 10 жылдығына орай басқа да шаралар ұйымдастырылмақ.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).