ОРАЛ. ҚазАқпарат - 23 маусым күні кешкісін Зачаган кентіндегі Мұрат Мөңкеұлы көшесі бойындағы 108/2-үйдің ауласында екі жасар қыз баланы көлік қағып кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
Көршілерінің айтуынша, жол-көлік оқиғасы салдарынан көз жұмған кішкентай қыз жексенбі күні жер қойнына тапсырылды. Баланы қаққан «Nissan Primera» көлігінің жүргізушісі сол көшедегі 108/4-үйде тұратын көрінеді.
БҚО ІІД баспасөз қызметі оқиғаны растады, ресми мәлімет кейін берілетін болады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).