ОРАЛ. 31 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО әкімі эстрадалық-симфониялық оркестрінің бас дирижері, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі Александр Шевелев 60 жылдық мерейтойын авторлық концертпен атап өтті.
Онда А.Шевелевтің әр жылдары шығарылған туындылары орындалды.
А.Шевелевтің есімі Ақ Жайық өңіріне кәсіби музыкант, талантты композитор ретінде кеңінен танымал. Өткен жылдың аяғында оған «Мәдениет қайраткері» атағы беріліп, сондай-ақ «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.
Авторлық кеште мерейтой иесін облыстық мәдениет басқармасының бастығы Айдар Батырханов құттықтап, алғысхат табыс етті, иығына шапан жапты. Сондай-ақ оған Қазақстан Композиторлар одағы басқармасы атынан да құттықтау хат табыс етілді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).