ОРАЛ. 12 қыркүйек. ҚазАқпарат - Орал қаласы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында «Халық көп жиналатын нысандардағы лаңкестікке қарсы қауіпсіздік жағдайы, содырлық акт кезінде және жарылғыш заттар табылған жағдайда қызметшілердің іс-әрекеттері» тақырыбында семинар-кеңес өтті.
Облыстық ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары Серік Бисембаевтың төрағалығымен өткен мәжіліске облыстық дін істері жөніндегі департамент директоры Талғат Нығметов, ҚР ҰҚК БҚО бойынша департаментінің өкілдері, кенттік округ әкімдері мен қалалық әкімдіктің құрылымдық бөлімдері басшылары қатысты.
Орал қалалық ішкі саясат бөлімінің бастығы Валентина Юртаеваның айтуынша, жиында көпшілік жиналатын орындарда лаңкестікке қарсы қауіпсіздікті күшейту мақсатында мәдени және көңіл көтеру орындары, сауда орталықтары, киім-кешек және азық-түлік базарлары, пәтер иелері кооперативтері және тағы басқа да ұйымдардың әкімшіліктері мен қауіпсіздік қызметтері басшыларына алдын алу іс-шаралары түсіндіріліп, аталған мәселе қоғамымыз, жалпы мемлекетіміз үшін аса маңызды екендігіне баса назар аударылды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).