БҚО туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім бастығы Тұрарбек Бекарыстановтың хабарлағанындай, аталмыш жарысқа дүние жүзінің 20-дан астам елінен 600-дей спортшы қатыспақшы. Атап айтқанда, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Болгария, Румыния, Пәкістан, тіпті Африканың Мали сынды елдеріне дейін өз сайыпқырандарын додаға қоспақшы. Қазақстан құрамасымен қатар Батыс Қазақстан облысының самбошылары да жеке команда болып сынға түспекші. Батысқазақстандықтар қатарында самбодан әлемнің төрт дүркін чемпионы Ерболат Байбатыров сынды белгілі балуандар бар.
23:04, 22 Қаңтар 2013
Оралда ҚР Президентінің жүлдесі үшін самбодан әлем кубогінің кезеңі өтпек
ОРАЛ. 22 қаңтар. ҚазАқпарат - 27-28 қаңтар күндері Орал қаласындағы жабық мұз айдыны сарайында ҚР Президентінің жүлдесі үшін самбо мен әскери самбодан әлем кубогінің кезеңі өтпек.