ОРАЛ. Қарашаның 26-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде Құрбан айт мерекесіне орай ең үздік студенттер марапатталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Университет ректоры, профессор Қазыбай Бозымов ғылыми конференцияда жақсы табыстарға қол жеткізген президенттік және атаулы стипендия иегерлеріне арнайы сертификаттар, сондай-ақ басқа да үздік студенттерге, барлығы 20 адамға алғысхаттар мен төсбелгілер табыс етті. Белсенді әрі үздік оқитын 13 студенттің әрқайсысына 5 мың теңгеден, 309-ына 3 мың теңгеден сыйақы берілді.
Құрбан айт мерекесіне орай университет басшылығы ата-анасынан айрылған 24 студентке 10 мың теңгеден, ата-ана қамқорлығынсыз қалған 23 студент пен мүгедек 17 жасқа, шетелден келіп, білім алып жүрген, асыраушысынан айрылған 13 студентке 5 мың теңгеден көмек көрсетті. Сонымен бірге оқытушылар мен қызметкерлерге бір айлық еңбекақы көлемінде, 98 ардагерге 10 мың теңгеден сыйақы және берілді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).