Оралда күйші Қ. Жантілеуовті еске алуға арналған көрме ашылды

ОРАЛ. 18 қыркүйек. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайында атақты күйші, Қазақстан халық әртісі Қали Жантілеуовті еске алуға арналған көрме ашылды.

Оған күйшінің немересі, белгілі домбырашы Болат Қаденов, музыка мектептерінің түлектері, Құрманғазы атындағы музыкалық колледж студенттері қатысты.

Биыл Қали Жантілеуовтың туғанына 110 жыл толды. Көрмеге оның қолжазбалары мен қолданған жеке заттары, домбырасы қойылды. Немересі келушілерге күйші туралы көптеген мәліметтер айтып берді. Соның ішінде Батыс Қазақстан облысында күй тарту дәстүрі Құрманғазы мен Дәулеткерей заманынан осы күнге Қали Жантілеуов сынды домбырашылардың орындау шеберлігі арқасында жеткені туралы да сөз болды.