Департамент қызметкері Даниял Ғабдошевтің айтуынша, бұл жоспарлы шара пенитенциарлық жүйе бөлімдерінде мемлекеттік тілді тереңдетіп дамыту мақсатында өтті. «Тіл - татулық тірегі» ашық сабағының ерекшелігі сол, ол шараға қылмыстық-атқару жүйесінде жұмыс істейтін өзге ұлт өкілдері - орыстар, немістер, татарлар, беларустар, т.б. қатысты.
Қазақ тілі мұғалімі Тұрсын Жоламановтың жетекшілігімен өткен сабақтың барысында терминдер конкурсы, сөйлемдер құрастыру және мақал-мәтелдер байқауы өтті. Мұндай конкурстар мемлекеттік тілді тереңдетіп дамытуға оң әсерін тигізеді, дейді Д.Ғабдошев.