ОРАЛ. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде саяси ғылымдар докторы, профессор, ҚР Президенті Кеңсесінің бастығы Махмұт Қасымбековтің «Бірінші» атты кітабына арналған дөңгелек үстел отырысы болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталмыш кітапқа Қазақстан тұңғыш Президентінің өмірі мен еңбек жолдары туралы очерктер енгізілген. Жинақта Елбасы күнделіктері, суреттер ретімен пайдаланылған. Облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы Тілекқабыл Имашев қатысқан отырыста тарихшылар Қамида Қожабергенова мен Ағила Нұрғалиева баяндама жасап, Елбасы қайраткерлігін танып-білудегі кітаптың құндылығын атап өтті. Жиналғандар «Бірінші» кітабының Қазақстанның тәуелсіздік кезеңіндегі жылнамасы, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатын жан-жақты көрсететін туынды екендігін айтты. Пікір алысуға студенттер де белсене қатысты.
Университетте «Елімен етене Елбасы» атты кітап көрмесі де ұйымдастырылды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).