ОРАЛ. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Оралда М.Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының гастролі жалғасуда.
А.Островский атындағы облыстық орыс драма театрында өтіп жатқан гастроль шымылдығы қыркүйектің 9-ында С.Лобозеровтің «Отбасылық портрет бөгде адаммен» атты екі бөлімді комедиясымен ашылды. Бүгін оралдық көрермендер назарына К.Маньенің «Әйелді іздеңдер» атты үш актілі комедиясы ұсынылмақ. Ертең Ж.-Ж.Брикер мен М.Ласегтің «Мужской род, единственное число» атты екі бөлімді комедиясы қойылса, жексенбі күні Р.Ибрагимбековтің «Ишу партнера для нечастых встреч» атты екі бөлімді трагикомедиясына кезек тимек. Қыркүйектің 16-сына дейін осы туындылар қайыра қойылып, балалар үшін «Алқызыл гүл» атты бір бөлімді ертегі де көрсетіледі.
Театрдың көркемдік жетекшісі - ҚР халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Рубен Андриасян.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).