ОРАЛ. Маусымның 17-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Махамбет оқулары» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.
Осымен үшінші рет өткізіліп отырған жиынға тарихшы-ғалымдар, қаламгерлер қатысып, өз пікірлерін ортаға салды. Махамбетті ұзақ уақыт бойы зерттеген тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Исатай Кенжәлиевтің пікірінше, батыр әрі ұлы ақынның өмірі мен өлеңін кейінгі ұрпаққа үлгі етуге толық болады. Кезінде Махамбеттің күйлері де табылғаны мәлім.
Университет проректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Әбілсейіт Мұқтардың айтуынша, Махамбеттің күреске толы ғұмыры мен шығармашылығын зерттеймін деушілерге қамтылмай жатқан тұстар баршылық. Әсіресе, Орынбор, Астрахан, Қазан, Санкт-Петербор сынды қалалардың архивтерінен Махамбет туралы соны деректердің табылып қалуы әбден мүмкін.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).