ОРАЛ. Шілденің 7-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласында Қазақстан Президентінің жүлдесі үшін ІV халықтық спорт ойындары мәреге жетті.
Жарыс қорытындысында БҚО құрамасы 266 ұпай жинап, жеңімпаз атанды. Батысқазақстандықтар волейбол (ерлер), шағын футбол, дойбы, самбо, отбасылар арасындағы жарыстан топ жарып, бірінші орынды еншіледі. Қостанайлықтар 214 ұпаймен екінші, шығысқазақстандықтар 205 ұпаймен үшінші орынды еншіледі. Қостанай құрамасы стритболдан, жазғы президенттік көпсайыстан, гір спортынан алдына жан салмаса, ШҚО волейболдан (әйелдер) жеңімпаз атанды.
Халықтық спорт ойындары жоғары дәрежеде ұйымдастырылып, басқа да командалар жарысқа белсене қатысты.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).