Мәжіліс депутатының атап өткеніндей, «Қазақстан - 2050» стратегиясында демографиялық жағдай, энергетикалық қауіпсіздік, сонда-ақ су тапшылығы мен табиғи ресурстардың шексіз еместігі нақты айтылған. Осының ішінде түрлі шаралар өткізу арқылы депутаттар мен эколог ғалымдар, өлкетанушылар Қазақстан мен Ресей үкімет орындарының назарын Жайық өзенінің жай-күйіне аударып келеді. «Жайыққа іңкәрлік» деген атпен, «Нұр Отан» ХДП мен облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен жарық көрген аталмыш буклет те осы өзекті мәселелерді қамтиды. Онда аталмыш экспедицияның сапар қорытындысы бойынша жазылған ғылыми мақалалар мен журналистік жолжазбалар, түсірілген фотосуреттер басылған. Өлкетанушы Жайсаң Ақбай бұл жинақтың құндылығын атап өтті.
19:34, 21 Қаңтар 2013
Оралда Мәжіліс депутаты Е. Тарасенкомен кездесу барысында Жайық туралы жаңа буклеттің таныстырылымы болды
ОРАЛ. 21 қаңтар. ҚазАқпарат - Орал қаласында Мәжіліс депутаты Елена Тарасенконың «Жайық» тарихи-мәдени экологиялық экспедициясы мүшелерімен және Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасы оқырмандарымен кездесуі барысында Елбасы Жолдауы туралы кеңінен әңгіме айтылып, жаңа буклеттің таныстырылымы болды.